logo city stay
gavel

Тұру ережелері

Құрметті қонақтар! CITY STAY апарт-қонақ үйін таңдағаныңыз үшін рахмет. Тұру ережелері мен ішкі тәртібімен танысуыңызды сұраймыз. Біздің қонақ үйге тіркелу арқылы Сіз төмендегі тұру ережелерімен келіскеніңізді растайсыз.

Апарт-қонақ үйге кіру уақыты — 14:00-ден бастап.

Есеп сағаты (шығу уақыты) — 12:00-ге дейін.

Ерте кіру мен кеш шығу мүмкіндік болған жағдайда беріледі және қонақ үйдің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төленеді. Тіркелу кезінде қонақтар жеке куәлігін көрсетіп, тіркеу картасын толтыруға міндетті. Құжаттар болмаған жағдайда қонақ үй орналастырудан бас тартуға құқылы.

Нөмір құнына кіреді:

  • Таңғы ас
  • Жеке тұрақ
  • Wi-Fi интернет
  • Конференц-бөлмелерге арнайы тарифтер

3-ші адамның тұру бағасы – 10 000 теңге.

Балалардың тұру бағасы:

  • 6 жасқа дейін – тегін (бір баладан артық емес, қосымша кереует берілмейді)
  • 6-дан 12 жасқа дейін – 7 000 теңге
  • 12-ден 16 жасқа дейін – 10 000 теңге

Балалармен тіркелу кезінде әр балаға құжат көрсету міндетті.

Трансфер қосымша 8 000 теңге төлем арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Қонақ келмеген, кеш бас тартқан немесе брондауды өзгерту туралы уақытында хабарламаған жағдайда қонақ үй бір тәуліктік тұру құнын айыппұл ретінде ұстауға құқылы.

scheduleEarly / Late

  • 06:00-ге дейін кірген жағдайда толық тәулік төленеді.
  • 06:00-ден 14:00-ге дейін кірген жағдайда нөмір құнының 100%-ы төленеді.
  • 12:00-ден 18:00-ге дейін шыққан жағдайда нөмір құнының 50%-ы төленеді.
  • 18:00-ден кейін шыққан жағдайда толық тәулік төленеді.